![«Түнгі студияда» - «Өнер қырандары»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57858.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Өнер қырандары» құрамында жеті актер, бір әнші бар, өнерлі жастардан құралған театр. Барлығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлектері, кәсіби маман.
«Өнер қырандары» 2007 жылы құрылып, алғашқы қадамдарын КВН-нен бастаған. Содан бері отандық телеарналардағы түрлі жобаларға қатысып, ел ықыласына бөленіп келеді.
Бүгінге дейін екі шығармашылық кешін өткізіп үлгерген театр жұлдыздары бүгін 23:00-де «Түнгі студияда» қонақта. Әзілкештердің қызықты сұхбатын Ұлттық арнамен бірге көріңіз.
Толығырақ мына жерде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Түнгі студияда» - «Өнер қырандары»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107260/)