![Рио-2016. Олимпиадаға босқындар командасы қатыспақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57901.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті.
«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетейік, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рио-2016. Олимпиадаға босқындар командасы қатыспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107305/)