![Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57907.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген тетіктерді енгізу құқық қорғау органдарына өз функцияларын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық пен оны өткізу барысында құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қ.Қасымов пенитенциарлық инфрақұрылымды мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту аясында жаңғырту туралы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алумен және болдырмаумен айналысатын органдар жұмысы жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107310/)