![Алматыда «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57929.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда 22-27 наурыз аралығында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында бір апта бойы «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өтеді.
Мерекелік аптаның әрбір күні келушілер үшін интерактивтік, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылмақ. Өнер мұражайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн сайын ұлттық киім киіп келген адам мұражайға тегін кіре алады.
Ал, мұражайда әр күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін «Шай әлемі» шарасы өткізіледі. Келушілер қыш шәйнектерге өрнек салудан өткізілетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107333/)