![Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы үшінші жұптық ойынды тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_57965.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кеше алғашқы екі ойын өтті. Бірінші ойында Қазақастан құрамасының теннисшісі Александр Недовесов әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтан ұтылып қалған болса, екінші ойында Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді ұтты. Қазірше есеп – 1:1.
Бүгін қос ел арасындағы үшінші жұптық ойыны өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан кортқа Александр Недовесов/Андрей Голубев ал, сербиялықтардан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шығады.
Ойынды кешкі сағат 19:45-те «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.
Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы үшінші жұптық ойынды тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107364/)