![11 бала асырап алған Жанар Байжолдинова «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58006.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көңілі кең, жүрегі мейірімге толы Жанар Байжолдинованың 13 баласы бар. Екеуі — туған, 11-ін асырап алған. Ол – сан ұлыс өкілін бауырына басқан. Арасында орыс та бар, татар да бар, неміс, башқұрт пен удмурт та бар. Бөліп-жармайды, барлығы үлкен отбасында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
«Өзім 11 бала асырап алған соң, таныстарым маған қарап, бала асырап алып жатыр. Ең кемі 1 бала алып жатса, көбі 5-6 бала асырап алған. Балалар үйінен сәби асырап алуға ниет еткен ата-аналарға қолымнан келгенше көмек көрсетемін. Жетімдер үйінде бала саны азайсын деген ниетпен», - дейді Жанар Байжолдинова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=11 бала асырап алған Жанар Байжолдинова «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107407/)