![Алматылық «Қайрат» футболдан ҚР Суперкубогын жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58033.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордалық «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» клубы футболдан ҚР Суперкубогын сарапқа салды.
Биылғы жылы Кубокты алматылық команда иеленді. Матчтың негізігі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, ойын тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Оның қорытындысы бойынша «Қайрат» 5:4 есебімен ұтты. Шешуші голды Лукаш Тесак соқты.
Еске сала кетейік, осы екі клуб былтыр да футболдан Қазақстан Суперкубогын сарапқа салып, ол кезде елордалық «Астана» жеңіске жеткен еді.
Фото: Vesti.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматылық «Қайрат» футболдан ҚР Суперкубогын жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107435/)