![Нүкетай Мышбаева: Үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58037.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Сексенге келгеніме бір жағынан қуанамын. Себебі, менің достарымның көбі 80-ге жетпей, о дүниелік болып кетті. Бірге жүрген Фарида екеуміз түйдей құрдас едік. Шешем: «Сен берекелі айда тудың, сен өнердің баласысың»,-дейтін. Мені өнерге баулыған да анам еді. Бізде той көп, туған күнім бүгін болғанымен, үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз»,-дейді халық әртісі.
Халық жүрегінен Теңгетай образымен орын алған актриса бұл турасында: «Қымызханаға» кастингпен келдік. Мен өтіп кеттім. Өзі ән айтатын, өзі сылқым жеңгейдің образын берді»,-деп еске алады.
Актрисаның «Қымызханадағы» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нүкетай Мышбаева: Үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107441/)