![18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58061.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.
Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300-ден астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 келіден артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады.
Басты ерекшелік – Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады. Көрмеде шебердің бірегей технологиясымен орындалған эксклюзивті шоколад кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті-дәмділер әзірлеуді үйренеді. Шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі. Көрме Тәуелсіздік сарайында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107462/)