![Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ-та әйелдердің құқықтарына қатысты баяндама жасайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58080.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Г.Әбдіқалықова онда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейту мәселелері жөніне баяндама жасайды деп жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы 10 – 12 наурыз аралығындағы сапар аясында Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, іскер топ өкілдерімен және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Атап айтқанда, АҚШ-тың Әйелдердің жаһандық проблемалары жөніндегі елшісі К.Рассэллмен, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі көзделген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы «Жанды дауыстар» жаһандық әріптестігі» халықаралық үкіметтік емес ұйымының гала-қабылдауында болып, аталған ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездеседі және «Жаһандық көшбасшылық жолындағы марапат» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысады.
Мемлекеттік хатшының Вашингтонға сапары Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, сондай-ақ АҚШ-тың іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус қатысатын «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шарамен қорытындыланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ-та әйелдердің құқықтарына қатысты баяндама жасайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107480/)