![Ю.Путинцева мен Я.Шведова Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова 3-ші айналымға шықты.
2-ші айналымда Ю.Путинцева осы жарыстың 27-ші ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді ол әлемнің 1-ші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен күш сынасады. Ал, Я.Шведова турнирде 11-ші болып тіркелген чехиялық Люси Шафаржованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Ярославаның келесі қарсыласы - тағы бір америкалық теннисші Николь Гиббс.
Еске сала кетейік, жүлде қоры 6,8 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын аталмыш турнирдің 2-ші айналымында Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Дияс турнирдің 13-ші ракеткасы, белоруссиялық Виктория Азаренкомен бақ сынайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ю.Путинцева мен Я.Шведова Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107554/)