![Холли Берри «Kingsman: Құпия қызмет 2» фильмінде ойнайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58158.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«20th Century Fox» киностудиясы Голливуд жұлдызы Холли Берриді «Kingsman: Құпия қызмет 2» (Kingsman: The Secret Service 2) фильмінің актерлік құрамына қосылуға шақырды. Ол Орталық барлау басқармасы басшысының рөлін сомдамақ.
Картинаның режиссері - Мэттью Вон. Сценарий авторлары - Дэйв Гиббонс, Джейн Голдман, Марк Миллар, Мэттью Вон.
Сондай-ақ, фильмде басты рөлдерді Тарон Эгертон, Джулианна Мур сомдайды. Алайда, бұл деректер әзірге ресми нақтыланған жоқ.
Туынды 2017 жылы экранға шығады. Айта кетейік, картинаның бірінші бөлімі 2014 жылы жарық көрді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Холли Берри «Kingsman: Құпия қызмет 2» фильмінде ойнайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107568/)