![«Астана» радиосы фотосуреттер байқауын жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58153.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана» радиосының тікелей эфиріне келуді армандайтындар үшін керемет мүмкіндік. Радионың тікелей толқынында шығатын «Арайлы Астана» бағдарламасы фотосуреттер байқауын жариялайды.
Байқау шарттары: «Арайлы Астана» тақырыбында инстаграмда фото жариялау;
☀ @astanafm-ді белгілеу;
☀#АрайлыАстана xэштегін жазуды ұмытпау;
Тапқырлық танытып креативті, әдемі фото түсірген жеңімпаз 24 наурызда анықталады.
25 наурыз күні «Астана» радиосының студиясында, тікелей эфирде жеңімпазға кәсіби фотограф Қуанышбек Дүйсенбековтің (@kuanyshbek_photo) студиясына 20 000 теңгелік сертификат табысталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» радиосы фотосуреттер байқауын жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107569/)