![Әлібек Байбол: Драматургиядағы басты қағида – әр сөзді әрекетке құру](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58177.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлібек Байбол әдебиеттегі алғашқы қадамын прозадан бастады. Әрқилы сипаттағы әңгіме, повестерімен-ақ оқырман қауымды елең еткізді. Өзіне тән жазу машығын қалыптастырған соң драматургия жанрына ойысты.
«Мұнда артық сөйлемге, ұзын-сонар баяндауға орын жоқ. Әр сөзді әрекетке құру керек. Сонда ғана көрерменді театрдан шығармай ұстап отыруға болады».
Жас қаламгердің басты қағидасы - осы.
«Қазіргі мақсатым - өзімді мазалаған, жанымды ауыртқан дүниелерді сахнаға шығару. Ол халықтың мұңы, рухани ахуалдағы жайттар болуы мүмкін. Мұның бәрі - болашақтың еншісінде. Көрермен қашанда сахнадан өзін көргісі келеді», дейді ол.
Әлібек Байболдың «Гүлдің аты - махаббат» пьесасы «Тәуелсіздік танытқан таланттар» байқауында бас жүлде алса, «Аспани адам» атты шығармасы жақында Арқалық қаласының жасөспірімдер театрында сахналанбақ.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлібек Байбол: Драматургиядағы басты қағида – әр сөзді әрекетке құру &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107577/)