![Бүгін – Көрісу күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58180.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің батыс өңірінің тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін – Көрісу күні немесе «Амал» мерекесі.
Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады. Әсіресе, жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.
«Амал» мерекесі жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді», дейді публицист-жазушы Өтепберген Әлімгереев.
Көрісу мерекесінде әр үйде дастархан жайылып, келгендер ас пен ақтан дәм татады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін – Көрісу күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107580/)