![15-16 наурызда Астанада «Әйелдер бизнесін дамытуға арналған жасыл технологиялар» семинар-тренингі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15-16 наурызда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы «Әйелдер бизнесін дамытуға арналған жасыл технологиялар» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.
Шара Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейту» жобасы аясында ұйымдастырылмақ.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты - әйелдерді EXPO-2017 көрмесіне жұмылдыру, Ақмола облысындағы кәсіпкер әйелдерге «жасыл» кәсіпкерлікті ұйымдастыруды үйрету, жеке кәсіпкерлікті дамытуда және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде «жасыл» технологияларды қолдануды үйрету.
Семинар-тренинг аясында Италиядан келген делегаттардың қатысуымен «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық «Жасыл» технологиялар» дөңгелек үстелі өтеді.
Итальяндық «жасыл» кәсіп өкілдері өз тәжірибелері мен мемлекеттерінде «жасыл» технологияларды қолданудың қорытындылары туралы айтып береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=15-16 наурызда Астанада «Әйелдер бизнесін дамытуға арналған жасыл технологиялар» семинар-тренингі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107589/)