![Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жаңа пойыз бүгін жолға шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58219.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осыған дейін жезқазғандықтардың Қызылордаға қатынауы қиын еді. Сыр еліне баратын төте жолдың жоқтығынан Жезқазғаннан шыққан пойыз Қарағанды, Мойынты-Шу, Түркістан қалаларын бойлай өтіп, Қызылордаға келіп тоқтайтын. Бұл бағытпен пойыз 3 мың шақырым жол жүретін.
Ал, жаңа бағыт бойынша салынған шойын жол бұл қашықтықты 2 мың шақырымға дейін қысқартып отыр. Осылайша, енді қала тұрғындары Қызылордаға бұрынғыдай 2 жарым емес, 1 күнде-ақ жете алады. Әрі ірілі-ұсақты 40 елді мекенді бойлай өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жаңа пойыз бүгін жолға шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107621/)