![Абай атындағы опера және балет театрында ерекше мұражай ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58241.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жаңа ерекше театралдық мұражай ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды mks.gov.kz.
Абай атындағы МАОБТ – көптеген онжылдықтар бойы сахнасында мемлекетіміздің мәдени революциясы жүзеге асырылған Қазақстанның ең көне театрларының бірі. Ол меценат Марғұлан Сейсембаевтың қолдауымен және Абай атындағы МАОБТ ұжымы мен Досым Сатпаевтың жеке мәдени-ағартушылық қорының бірлескен күшімен ұйымдастырылған. Жаңа мұражайдың қоры бірнеше экспозициядан тұрады.
Бірінші экспозицияда театрдың негізін қалаушылардың қызметімен байланысты сирек мұрағаттық фотоқұжаттар топтастырылған. Екіншісінде, өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан театрдың опера және балет әртістері киіп өнер көрсеткен 15 театралдық костюм ұсынылған.
«Эскиздер мен афишалар» атты тағы бір экспозицияда музей қонақтары ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, театрда сахналанған қойылымдардың 40-тан аса раритет афишалары, костюмдер мен декорациялар эскиздері көрмеленген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай атындағы опера және балет театрында ерекше мұражай ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107641/)