![«Қазақстан» РТРК» қызметкері каратэден өткен «Кубок Москвы» жарысынан олжалы оралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58271.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәскеуде киокушинкай каратэден халықаралық «Кубок Москвы» жарысы өтті. Оған Ресейдің барлық аймақтарынан 300-ден аса спортшы қатысса, Қазақстан намысын жалғыз спортшы - «Қазақстан» РТРК» қызметкері - қара белбеу (1-ші дан) иегері Мұрат Ерғалиев қорғаған. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында бақ сынап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Айта кетейік, М.Ерғалиев өткен жылы да бұл сайыста ел намысын қорғап, күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді.
Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» РТРК» қызметкері каратэден өткен «Кубок Москвы» жарысынан олжалы оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107672/)