![«Астана» велоклубы біркүндік «Милан - Сан-Ремо» бәсекесіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58292.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрама капитаны Винченцо Нибали болмақ. Сондай-ақ, жарыста ел намысын: Валерио Аньоли, Эрос Капекки, Ларс Бом, Алексей Луценко, Андрей Гривко, Луис Леон Санчес және Гатис Смукулис қорғайды.
Еске сала кетейік, «Милан - Сан-Ремо» - Милан және Сан-Ремо қалалары арасында жыл сайын өтетін көктемгі классикалық бір күндік веложарыс. Оның қашықтығы 291 шақырымды құрайды. Жарыс 19 наурызда өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» велоклубы біркүндік «Милан - Сан-Ремо» бәсекесіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107693/)