![Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58308.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Ақтөбе-Орск» Ш.Қалдаяқов кентінен РФ шекарасына дейін, «Ақтөбе қ. солтүстік айналма жол», «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай», Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін учаскеде көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі): «Екатеринбург-Алматы», Қарағанды қаласы учаскесінен Балқаш қаласына дейін; «Екатеринбург-Алматы», Теміртау қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаскеде қоғамдық және жүк көліктері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107708/)