![22 наурызда «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауларының жеңімпаздары «Таңшолпанда» қонақта болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58319.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай еліміз бойынша үздік күй орындаушыларын анықтау мақсатында «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауын жариялаған еді.
1-20 наурыз аралығында өтіп жатқан «Наурыз жұлдызы» байқауының мақсаты – күй орындау өнері бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қасиеттерін шыңдау.
Наурызды тойлау дәстүріне сәйкес осы күні қалың көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Жаңа жылдың жақсылыққа толы болуын тілейді. «Наурыз тілек» байқауы барысында ел аузында жүрген жүзден астам небір бата-тілектер келіп түсті.
Айта кету керек, байқау жеңімпаздары 22 наурызда «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында тікелей эфирде марапатталып, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=22 наурызда «Наурыз жұлдызы» және «Наурыз тілек» байқауларының жеңімпаздары «Таңшолпанда» қонақта болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107719/)