![Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58326.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.
Конкурс нәтижесінде, 19 астаналық оқушы алтын, 13-і күміс, жетеуі қола алды.
Конкурс қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика-информатика, физика-техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, биология, химия, валеология, экология пәндерінен өтті.
Айта кетейік, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және зерттеу қызметін дамыту, әлемді, ғылымды тануға деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалдық және ғылыми конкурстарды тұрақты түрде өткізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107720/)