![Бүгін – бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың туған күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58328.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ол – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында туған. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Университет қабырғасында жүріп, бокспен айналыса бастаған. Оның алғашқы жаттықтырушысы – Нұрғали Сафиуллин.
XII Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Сидней Олимиадасының күміс жүлдегері, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, XV Азия ойындарының күміс жүлдегері, Афина Олимпиадасына қатысқан. 1998-2000 жылдары - «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.
2000-2007 жылдары - Облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-ұстазы. 2007-2008 жылдары - №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған.
2008 жылдың наурызынан бастап - Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.
Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы.
«Парасат» орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін – бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың туған күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107739/)