![Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58493.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағанын жариялаған әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) рингке қайта оралуы мүмкін.
Олардың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс.
«Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер.
Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы - WBC бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО).
«Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», - деді Флойд Мейвезер.
www.inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107895/)