![Брюссельдегі жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Күдіктілердің үшеуі қала орталығындағы федералдық прокуратура ғимаратына кіре берісте қамауға алынған. Бұдан бөлек, 22-ші наурызда Бельгия астанасындағы әуежай мен метродағы жарылыстарға тікелей қатысы бар екі адам іздестіріліп жатыр. Қазір Бельгияда террористік қауіп деңгейі төмендетілді.
Дегенмен, «CNN» телеарнасы АҚШ-тың лаңкестікке қарсы бөлімшелері қызметкерлерінің мәліметіне жүгініп, «ДАИШ» ұйымының Еуропада жаңа терактілер дайындап жатқанын хабарлады.
Ал, Франция полициясы терактінің алдын-алды. Елдің ішкі істер министрі Бернар Казневтің мәлімдеуінше, жарылыс жасамақ болды деген күдікпен 1 франциялық азамат қамауға алынған. Күдікті ер адам ұсталған жерде қазір саперлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге, жоспарланған шабуылдың Париж бен Брюссельдегі бұған дейінгі жарылыстарға қатысы бар-жоғы белгісіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Брюссельдегі жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107913/)