![Әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58576.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
30 наурызда әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек. Сондай-ақ, өнер иесі жақында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына барып, концерт өткізіп келді.
Әнші өнердегі жаңалықтары туралы тыңдармандарымен ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы бөліспек.
Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясына қонаққа «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай Тәңірбергенова келеді. Республикалық шара 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде аяқталады.
Сонымен қатар, ертеңгі бағдарламадан көктемгі көңіл-күйді реттеу, апатиямен күрес жолдары туралы психолог Айман Ысқақованың кеңесін тыңдай аласыздар.
Еске сала кетейік, «Таңшолпан» эфирге дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 07.00-де шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107974/)