![«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – Еркебұлан мен Айжан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58591.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Таңшолпан» жариялаған «Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары - шымкенттік Еркебұлан Тасқараев пен Айжан Шегебаева.
Ең алғаш 2011 жылы Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяның ашылу салтанатында танысқан. Бүгінде отбасы құрып, берекелі шаңырақ иесі атанып отыр.
Еркебұлан - капитан шеніндегі тәртіп сақшысы болса, Айжан «Қазына» би ансамблінде өнер көрсетеді.
Әрдайым бір-біріне қамқор бола білетін олар мәңгілік махаббатты ту етеді. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, тұңғыштары Есімханның жолын жалғар ізбасарларының көп болуын армандайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – Еркебұлан мен Айжан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/107988/)