![Атыраулық бүлдіршіндер Сочиде өткен «Черноморский Олимп» Халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58615.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочи қаласында өткен V Халықаралық «Черноморский Олимп» фестивалі аяқталды. Байқаудан Атыраудағы №30 «Жұмбақ» балабақшасының «Дарынды бөбектер» ансамблі жүлдемен оралды.
Шарада бүлдіршіндер өнерлерімен қатар, өз елдерінің ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін көрсетті. Фестивальда ел намысын 14 бүлдіршін қорғады.
«Біздің ұжым ұлттық салт-дәстүрді сақтау аталымы бойынша бас жүлдені иеленді», дейді балабақша директоры Қамқа Айтжанова.
Байқауға үміткерлер біздің елімізден бөлек, Татарстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраулық бүлдіршіндер Сочиде өткен «Черноморский Олимп» Халықаралық фестивалінен жүлдемен оралды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108004/)