![Ақтөбе облысының Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін кешен салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58621.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін тау-кен металлургиялық кешен құрылысы басталады. Кішіқұм ауылдық округінде жүзеге асырылатын жоба Мемлекеттік индустриялдық инновациялық даму бағдарламасына еніп отыр.
«AktobeSteelProduction» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарына кірісіп кетті.
«Жобаны жүзеге асыру мерзімі 4 жыл. 2015 жылы жалпы құны 350 млн теңге болатын геологиялық барлау және кен пайдалану жұмыстарын бастап кетті. Технологиялық процеске 150 млн теңге бөлінеді. Жобаның жалпы құны 30 млрд теңге», - деп атап өтті Ербол Данағұлов.
Кәсіпорын жылына 8 млн тонна концентрат өндіреді. Темір рудаларын өңдеу жөніндегі кешен құрылысы барысында 353 жұмыс орны, қолданысқа берілген соң мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысының Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін кешен салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108017/)