![Волейболдан өскемендік «Алтай» клубы Қазақстан чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58623.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында Өскеменнің «Алтай» командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңіп, ҚР чемпионы атанды.
Енді «Алтай» клубы Филиппинде 2016 жылы 3-13 қыркүйекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысатын болады.
«Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол федерациясының арнайы жүлдесін алды. Ирина Лукомская - үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова - үздік шабуылдаушы, риддерлік волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева - ең бағалы ойыншы атанды.
Бұдан бұрын ШҚО-дан «Алтай» ерлер волейбол клубы Қазақстан чемпионы болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Волейболдан өскемендік «Алтай» клубы Қазақстан чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108018/)