![ҚР ІІМ: Паспорт пен жеке куәлік 2 күнде беріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58627.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
«Қазақстанда 1 сәуірден бастап, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орталықтары болғандықтан, құжат дайындау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайтын болады. Облыс орталықтарында 4 күн ішінде беріле бастайды», - деп атап өтті Е.Тұрғымбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, азаматтарға паспорт пен жеке куәлікті беру уақытын қысқарту мақсатында Ақтөбе және Шымкент қалаларында құжат дайындау орталықтары ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР ІІМ: Паспорт пен жеке куәлік 2 күнде беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108022/)