![Бүгін «Аяулы арман» телехикаясы эфирге шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Аяулы арман» телехикаясы - балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы туынды. Кейіпкерлер қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат сезімдерін, достық пен сатқындықты бастарынан өткереді.
Бірақ, олар жалғыз емес. Жастарға ата-анасы мен туған-туысқандарының орнын басқан жолдастары, ұстаздары және тәрбиешілері үнемі қолдау көрсетіп отырады.
64 бөлімнен тұратын телехикая Ұлттық арнадан дүйсенбі-бейсенбі аралығында 21:05-те көрсетіледі.
Теленовелланың ерекшелігі - туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, жасөспірімдер үйінің қазіргі тәрбиеленушілері де қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Аяулы арман» телехикаясы эфирге шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108097/)