![Қарағандыда «Махаббаттың бесігі - Қарағандым» атты ән кеші өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58703.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 сәуірде Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында «Махаббаттың бесігі - Қарағандым» атты Арқа өңірі жас сазгерлерінің ән кеші өтеді. Кеш Қарағанды облысының 80 жылдығы және Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне арналған.
Шараны ұйымдастырушы – Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
Аталмыш шарада Ерғалы Омаров, Қасиет Қамиев, Амангелді Ахметжанов, Марғұлан Уәлиев, Нұрболат Клим және т.б. жас сазгерлердің туындылары орындалады.
Басталуы: 18:00-де.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда «Махаббаттың бесігі - Қарағандым» атты ән кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108105/)