Қазақстанда той ұйымдастыруға арналған ToiDriver мобильдік қосымшасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда той ұйымдастыруға арналған ToiDriver мобильдік қосымшасы жасалды

31.03.2016
Қазақстанда той ұйымдастыруға арналған ToiDriver мобильдік қосымшасы жасалды

Аталған мобильді қосымшаның ерекшелігі қолданушының (тапсырыс берушінің) орындаушыға тікелей байланысқа шығуына мүмкіндік жасайды. Тапсырыс берушіге өзінің өтінімін беру және бағасын көрсетуі жеткілікті.

Мобильді қосымша арқылы мерекелік шараларды жүргізетін әртістерді (жүргізушілер, әншілер мен бишілер, фотографтар және т.б) және жалға берушілерді (тойхананы, кортеж, сандық жабдықтар және т.б.) табуға болады.

ToiDriver қосымшасы IOS және Android танымал мобильді операциялық жүйелеріне бейімделген.

Хабарламаларға жазылу