![Қазақ радиосының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58763.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әнші Ақылбек Жеменей 15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында өтетін шығармашылық кешіне орай байқау жариялайды.
Байқау kaztrk.kz порталында, Қазақ радиосында және әншінің Instagram желісіндегі парақшасында (@zhemeney) екі кезең бойынша ұйымдастырылады.
Алғашқы кезеңде 4 сәуірден бастап Қазақ радиосынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 11:35-те басталатын «Қас қағым» радиоойынында Ақылбек Жеменейдің орындауындағы әндерден үзінді жасырылады. ЕСКЕРТУ: Әндер соңынан басына қарай ойнайды.
Байқау 5 күнге жалғасады. Ал, 8 сәуірде байқаудың қорытындысы шығарылады. Бес күн бойы эфирде жасырылған әндерді дәл тауып, Қазақ радиосына бірінші болып хабарласқан адам (Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55-33-55) жеңімпаз атанады. Жүлдегерге Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфоны табысталады.
Сонымен қатар, «Қас қағым» радиоойынына қатысып, Ақылбек Жеменейдің концертіне билеттер ұтып алыңыз. Ол үшін радио жүргізушілері қойған үш сұраққа мүдірмей жауап беру керек.
Қазақ радиосы қосулы болсын! 4-8 сәуір аралығында, сағат 11:35-те.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ радиосының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108160/)