![«Golden Nomad» тігін фабрикасының «Табыс сыры»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58794.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Golden Nomad» яғни, «Алтын адам» деп аталатын фабрикада жылына 26 мың данадан астам костюм-шалбар тігіледі. Фабрика «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алып, мемлекеттің қолдауына ие болған.
Тігін фабрикасы заманауи технологиямен жабдықталған. Құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Қытай Халық Республикасынан, Жапониядан және Түркиядан алынған. Бұл құрылғылардың облыс тұрмақ, елімізде баламасы жоқ.
Күніне 400-500 костюм-шалбар тігілетін фабриканың тынысымен «Табыс сыры» хабарынан таныса аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Golden Nomad» тігін фабрикасының «Табыс сыры»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108185/)