![Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 49 адамға жетті (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58826.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунва провинциясында су тасқынынан 49 адам ажал құшты.
Бұған дейін 36 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Тағы 34 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Елдің төтенше қызметі Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы су тасқынына нөсер жаңбырдың себеп болғанын хабарлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 49 адамға жетті (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108222/)