![Раушан Ермағамбетова: Түсірілім барысында бір үйдің баласындай болып кеттік](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58841.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартқан «Аяулы арман» телехикаясы балалар үйі түлектерінің тағдырын баяндайды. Телехикаяның бас кейіпкерлері Аңсар, Еркін, Едіге және Көркем. Олар жастар үйіне орналасқаннан кейін өмірдің түрлі қиындығын - достық пен сатқындықты және алғашқы махаббат әлегін бастарынан өткереді.
«Түсірілім 4,5 ай жүрді. Осы уақыт аралығында бір-бірімізге қатты бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болып кеттік. Фильмнің негізгі мақсаты – жалпы жетімдер болмаса екен деген ниет»,-дейді актриса Раушан Ермағамбетова.
64 бөлімнен тұратын туындының қоюшы-режиссері – Рашид Сүлейменов. Ол теленовелла арқылы балалар үйі түлектерінің өмірін боямасыз көрсетуге тырысқан.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Раушан Ермағамбетова: Түсірілім барысында бір үйдің баласындай болып кеттік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108236/)