![«Қас қағым» радиоойынын тыңдап, әнші Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58707.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші өтеді. Шоу-концертке тегін кіріп, сонымен қатар, iPhone 5, iPhone 6 смартфондарын ұтып алуға мүмкіндік бар.
Әнші www.kaztrk.kz порталында, Қазақ радиосы және өзінің Instagram желісіндегі парақшасында (@zhemeney) байқау жариялайды.
І байқаудың шарты бойынша Қазақ радиосының әуе толқынынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 11:35-те эфирге шығатын «Қас қағым» радиоойынынан Ақылбек Жеменейдің орындауындағы бір әннен үзінді беріледі. ЕСКЕРТУ: Үзіндіде ән соңынан басына қарай ойнайды.
Бес күнге жалғасатын байқауда әндерді дәл тауып әрі бірінші болып хабарласқан тыңдарман жеңімпаз атанады.
Айта кетейік, байқау 4-8 сәуір аралығында өтеді.
«Қас қағым» радиоойынында, сонымен қатар, концертке тегін билеттер ойнатылады. Тікелей эфирде жүргізушілер Қазақ радиосының тыңдармандарына 3 сұрақ қояды. Үшеуіне де мүдірмей жауап берген тыңдарман жеңімпаз атанады.
Қазақ радиосы қосулы болсын!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қас қағым» радиоойынын тыңдап, әнші Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108277/)