![Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Уәлиханов көшесі жабылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58933.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Уәлиханов көшесінің Абай даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде кәріз жүйелері жартылай ауыстырылып, орташа (ағымдық) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 6-15 сәуір аралығында көшенің аталған бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, ал 16 сәуірден 1 мамырға дейін толығымен жабылады.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Уәлиханов көшесі жабылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108330/)