![Таймас Гесмұратұлы – зергерлік өнерді жалғастырушылардың бірі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_58973.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын өзіндік тылсым сыры бар қасиетті өнердің бірі – зергерлік. Ал, осынау өнерді жалғастырушылардың бірі Таймас Гесмұратұлы 20 жылға жуық уақыттан бері бағалы бұйымдар жасаумен айналысып келеді. Алайда, ол бұл салаға кездейсоқ келгенін айтады.
«Бір затты жасау үшін 20-30 құрал керек. Оның ұстауға ыңғайлы-ыңғайсызы бар. Зергерлікті жоқ дегенде, 3-6 ай үйрену қажет»,-дейді зергер.
Оның айтуынша, күміс ыңғайлы әрі денсаулыққа пайдалы металл. Сонымен қатар, әртүрлі күміс әшекей бұйымдарын әсемдеу үшін ақық, маржан секілді тастарды қолданады.
Оның өзгелерден басты ерекшелігі – жаңа мен ескіні сабақтастыра отырып, ұлттық нақыштағы ерекше туындылар жасауында.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Таймас Гесмұратұлы – зергерлік өнерді жалғастырушылардың бірі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108370/)