Facebook тікелей эфир жүйесін жақында толық іске қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook тікелей эфир жүйесін жақында толық іске қосады

07.04.2016
Facebook тікелей эфир жүйесін жақында толық іске қосады

Ол сондай-ақ, тікелей эфир арқылы әлеуметтік желіге қосылған жаңа мүмкіндіктер жөнінде де айтып берді.

Оның айтуына қарағанда, тікелей эфир функциясы әлеуметтік желі қолданушыларына өте пайдалы болмақ. Желіні пайдаланушылар тікелей эфир кезінде өз пікірлерін білдіріп, достарын да шақыра алады. Facebook-тағы тікелей эфирді жеке топтарда да, тұтас ақпараттар тізбегінде де қолдануға болады.

Алайда, әлеуметтік желінің бұл қызметі әзірге барша қолданушылар үшін қосылған жоқ. Бірер аптаның ішінде тікелей эфир функциясы іске қосылуы мүмкін. Дегенмен, бұл қызмет қазірдің өзінде бірқатар елдерде қолданылып жатыр.

Мамандар Facebook-тағы тікелей эфирдің Periscope қызметіне бәсекелес болатындығын айтуда.

Хабарламаларға жазылу