![«Kazsport» футболдан Қазақстан мен Ағылшын Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59058.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алғаш «Kazsport» телеарнасы сағат 13:50-де «Ордабасы» - «Тобыл» матчын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл ойын аяқталған соң, елордалық «Астана» мен «Тараз» клубтары арасындағы теке-тіресті көре аласыздар.
Сағат 17:50-де көрермендерге Ағылшын Премьер-лигасы жол тартады. Онда «Вест Хэм Юнайтед» өз алаңында Лондонның «Арсенал» клубын қабылдайды. Ойынды тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Ал, сағат 19:50-де ағылшын Премьер-лигасы аясындағы «Суонси Сити» - «Челси» мен сағат 22:20-де «Манчестер Сити» - «Вест Бромвич» матчын назарларыңызға тікелей эфирде ұсынамыз. Сонымен қатар, түнгі сағат 00:30-да «Уотфорд» - «Эвертон» ойынының жазып алынған нұсқасын ұсынамыз.
Айта кетейік, ертең де «Kazsport» телеарнасы Англия Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Kazsport» футболдан Қазақстан мен Ағылшын Премьер-лига ойындарын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108444/)