![Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59085.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еріген қар суының басуы салдарынан еліміздің үш өңіріндегі республикалық және облыстық жолдар жабық. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысында жердің қатты ылғалдануына байланысты республикалық манызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 200-220 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында судың жайылуына байланысты облыстық «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-48 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.
Қостанай облысында көктемгі судың тасуына байланысты республикалық «Екатеринбор-Алматы» жолының 686-729 шақырымы Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108476/)