![ҚР жұмыссыздардың құқықтары мен міндеттері туралы не білеміз?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59108.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылдың 6 сәуірінде «Жұмыспен қамту туралы» заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі мақсаты – халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. Сондай-ақ, еңбек нарығын реттеу, жұмыссыздардың жауапкершілігін арттыру және оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау бойынша халықаралық стандарттарға өту қарастырылған.
Заң жобасына сәйкес жұмыссыздар:
- Халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс іздеу қызметін тегін алуға және жұмысқа орналасуға ықпал етуге, сондай-ақ, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына оның ішінде консультациялық, ақпараттық қызметтер және мамандық таңдау мақсатындағы кәсіби бағдарлау қызметін тегін алуға;
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелген өзі туралы ақпаратты алуға;
- Жұмыссыз қалған жағдайда, егер ол міндетті әлеуметтік қорғау жүйесінің қатысушысы болса, онда әлеуметтік төлем алуға;
- «Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Жұмыссыздар міндетті:
- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның талаптарын орындауға;
- Қазіргі заңға сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығына келу мерзімін, шарттарын, тәртібін сақтауға;
- Халықты жұмыспен қамту орталығы берген бағыт бойынша сол күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмыс туралы сұрауға;
- 5 жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қандай да бір өзгерістер туралы уақытында хабарлауға міндетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР жұмыссыздардың құқықтары мен міндеттері туралы не білеміз?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108504/)