![Алматыда «Білім және бизнес» халықаралық форумы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59111.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс-шараға Қазақстанның ғалымдары мен академиктері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, шетелдік сарапшылар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
Ерлан Сағадиев қатысушыларды тарихымыздағы айтулы кезең - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен осы мереке тұсында аталып өтіп жатқан кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа техногияларды дамыту өзекті тақырыптардың бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әрбір елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды. Оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді»,-деді министр.
Форумда еліміздің ғалымдары Қазақстанның ғылым саласының дамуы мен өндірісті ғылыми сүйемелдеу туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, шетел сарапшысы Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтының өкілі Чал Су Лимнің Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін пайдалана отырып жетілдіру мүмкіндіктері бойынша жасаған баяндамасы тыңдармандардың көңілінен шықты.
Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты кітап көрмесі өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Білім және бизнес» халықаралық форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108507/)