Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсірді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсірді (ФОТО)

12.04.2016
Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсірді (ФОТО)

Жыланды Толботтың достары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан.

«Мен жыланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде  мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті, кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы олар улы жылан емес болатын», - дейді фотограф.

Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған. Табиғатта екі басты жыландар кездеседі, алайда олар бірнеше ай ғана өмір сүреді.

 

www.inform.kz

Хабарламаларға жазылу