![«Kazsport» футзалдан Қазақстан-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59135.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Польша құрамасы арасындағы футзалдан Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты аясындағы плей-офф матчын 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.
Бүгінгі ойынға футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау 17 ойыншыны шақырған. Польшаға қарсы ойынға Қазақстан құрамасы дайындығын 5 сәуірде бастаған.
Алғашқы кездесу Польшада өтіп, қос құрама 1:1 есебімен тең ойнаған болатын.
Айта кетейік, бүгін жеңіске жеткен құрама қыркүйекте Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Kazsport» футзалдан Қазақстан-Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108530/)