![Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_59186.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалды» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.
«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, мадридтік команда ширек финалдың жауапты ойынында германиялық «Вольфсбург» командасын 3:0 есебімен ұтты. Ал, португалиялық бұл матчта хет-трек жасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/108582/)